14 қараша 2026, сенбі ☀️ Түркістан -1°C
  • USD 444,30
  • EUR 490,91
  • CNY 66,59
  • RUB 5,41
Жедел
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ ТҮРКІСТАНДА СТАЛКИНГ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 300 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУГЕ ҚАУҚАРЛЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ТОЛЫҚ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Облыс әкімі жылына 300 тонна балық өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты Облыс әкімінің Төлеби ауданына жұмыс сапары басталды ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ Президент: «Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға зиян тигізуді ойлап жүр»
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Алатау Медиа» орталығында «Ашық диалог – тиімді әріптестік: БАҚ өкілдерімен өзара ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында кездесу өтті. Басқосуға облыс аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистер қатысты. Жиында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева өңірдегі ақпараттық кеңістіктің дамуы және бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі туралы баяндама жасады.
«Қазір өңірімізде 68 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 38 газет, 7 телеарна, 1 радио, 2 журнал және 20 ақпараттық портал бар. Бұл – облыстың ақпараттық кеңістігінің ауқымын және журналистер қауымының белсенділігін көрсетеді. Бүгінде біз ақпараттың адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен таралатын кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін әлемнің кез-келген түкпіріндегі оқиға бірнеше секунд ішінде миллиондаған адамның назарына ілігеді. Қазіргі журналистиканың ең үлкен сын-қатері де осында, жылдамдық пен шындықтың арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Сын айтылуы заңды. Қоғамдық мәселе көтерілуі тиіс. Ал мемлекеттік органдар сол сыннан қорытынды шығарып, мәселенің шешілу барысын халыққа жеткізуі қажет. Біздің ортақ мүддеміз – қоғамның дұрыс ақпарат алуына жағдай жасау», – деді Жанар Әлібекқызы.
Кездесу барысында өңірлік БАҚ саласында қордаланған мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Жиынға қатысушылар редакциялардың ғимараттарын жаңарту, материалдық-техникалық мүмкіндікті арттыру, мерзімді басылымдарға жазылу көрсеткішін көтеру, жас журналистерді салаға тарту және басылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Басқосуды қорытындылаған басқарма басшысы мерзімді басылымдардың мазмұны мен безендірілуін заман талабына сай жаңартып, оқырман сұранысына бейімдеу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, дәстүрлі баспасөзді заманауи ақпарат тарату тәсілдерімен ұштастырып, жаңа бағытта дамыту маңызды екенін жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *