Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Төлеби ауданына жұмыс сапары басталды. Алдымен аймақ басшысы аудандағы ауызсу инфрақұрылымының жай-күйімен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.
Қазіргі таңда аудандағы 21 елді мекенде су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Ал Ленгір қаласында жаңғыртылған су жүйесі халық игілігіне берілген. Нысан тәулігіне 12 мың текше метр су өндіруге қауқарлы. Бүгінде орталықтандырылған жүйе арқылы 8 280 абонент ауызсумен қамтылып отыр
Облыс әкімінің Төлеби ауданына жұмыс сапары басталды