9 қараша 2026, дүйсенбі 🌧️ Түркістан +14°C
  • USD 448,98
  • EUR 502,45
  • CNY 67,29
  • RUB 5,45
Жедел
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті 250 шақырымдық шаңғы жолы мен аустриялық аспалы жолдар: Ыстықкөлдегі курорт қандай болады? Горы на любой вкус. Казахстан и Кыргызстан формируют единый горнолыжный кластер Ыстықкөлдегі тау шаңғы курорты алғашқы қонақтарын биыл қыста қабылдайды “Таза Қазақстан” Түркістандағы бу-газ станциясы: Құрылысқа шетелдік мамандар тартылған Қашаған зауытында ТМД елдерінде баламасы жоқ жабық факел жүйесі қолданылады Президент: Спорт саласы әрдайым мемлекеттің басты назарында болады
Басты жаңалықтар

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев параойындарда 100 метрге жүгіруден Азия рекордын жаңартқан спортшы, «Әділет» партиясының депутаты Айсұлу Сүлейменованың қайсарлығын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спортшыларды марапаттау жиынында президент спорт саласы әрдайым мемлекеттің басты назарында тұратынын айтты.

«Былтыр «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға бірқатар маңызды түзету енгізілді. Мемлекеттік деңгейде басымдық берілетін спорт түрлері айқындалды. Соңғы бес жылда елімізде спорт саласын дамытуға 616 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жалпы, қазір осындай нақты шаралар өз нәтижесін беріп жатыр деуге болады», – дейді президент.

Сөзін жалғай отырып, спортшылар жаһандық аренада жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, елдің беделін көтеріп жатқанын тілге тиек етті.

«Осы орайда, параойындарда 100 метрге жүгіруден Азия рекордын жаңартқан Айсұлу Сүлейменованың қайсарлығын ерекше атап өткен жөн. Айсұлу Сүлейменова қазақтың рухы биік, намысы зор батыр қыздарының жолын лайықты жалғастырып келеді. Ол тағдырдың қиын сынағына тап болса да, тек қана алға ұмтылып, көпке үлгі болып жүр. Қазір Құрылтай депутаты ретінде азаматтық борышын адал атқарып, ел игілігі үшін қызмет етіп келеді. Қазақ «Күш – білекте емес, жүректе» дейді. Расында асқақ арман мен мұқалмас жігер тоғысқан жерде алынбайтын асу жоқ. Сондықтан параспортшылардың бойындағы жанкештілік пен табандылық әрдайым зор құрметке лайық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *