Сайлау-2026: Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді

Сайлау күні ел бойынша 100-ден астам учаске таңғы сағат 06:00-де ашылады. Ал басқа дауыс беру орындары сағат 07:00-ден бастап жұмыс істейді. Жалпы республика бойынша 10 мың 423 сайлау учаскесі бар .
Сол күні шамамен 600 нысанда дауыс беру уақытынан бұрын аяқталуы мүмкін. Бұл тізімге әскери бөлімдер, ауруханалар, вахталық қалашықтар мен арнайы мекемелер кіреді. Егер аталған жерлерде тізімдегі азаматтардың барлығы түгел таңдауын жасап болса, комиссия сайлауды кез келген уақытта жабық деп жариялай алады. Кешкі сағат 20:00-ге дейін күту міндетті емес. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін тексеретін мониторингтік топтардың жұмысы қыза түскен. Әзірге олар тек бес өңірдегі тексерісті толық аяқтаған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *