5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Налог на депозиты. Фейки продолжают распространяться несмотря на официальное опровержение Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған В КОСТАНАЕ ПРОШЛА ДИАЛОГОВАЯ ПЛОЩАДКА «QAZ TALKS» ПО ОСНОВНЫМ НАПРАВЛЕНИЯМ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА ҚОСТАНАЙДА «QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ Қатонқарағай тұрғындары жаңа әуежайды 20 жыл күткенін айтады Строить, еще раз строить Строить, еще раз строить Строить, еще раз строить
Басты жаңалықтар

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бұған дейін ресми түсіндірме берілгеніне қарамастан, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыға салық енгізіледі деген жалған ақпарат пен түрлі манипуляциялардың әлі де таралып жатқанын анықтап отыр.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Үкіметте мұндай салық енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктік салымдары (депозиттері) бойынша алатын сыйақысына жеке табыс салығы салынбайды», – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Осылайша, депозиттер бойынша сыйақыға салық енгізіледі деген мәлімдемелерінің заңнамалық негізі жоқ.

Сонымен қатар, заңда көзделген белгілер болған жағдайда, көрінеу жалған ақпаратты қасақана тарату әрекеттеріне белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілуі мүмкін.

Орталық азаматтарды, әсіресе қоғамда негізсіз алаңдаушылық пен әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты ақпаратты таратуда жауапкершілік танытуға шақырады.

Ақпаратты таратпас бұрын оның анықтығын ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *