3 қараша 2026, сейсенбі ☀️ Түркістан +11°C
  • USD 453,64
  • EUR 508,17
  • CNY 68,23
  • RUB 5,59
Жедел
Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған 20 отбасы марапатталды ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті Халықтың әл-ауқаты мен өңірдің дамуы: Алматы облысында Президент Жолдауы түсіндірілді В Казахстане выросло производство растительного масла Жолдау жүктеген міндет: білім сапасын арттыру жайы талқыланды Шокан Уалиханов – учёный, опередивший своё время Шоқан Уәлиханов – Орталық Азияны зерттеуші ғалым
Басты жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Іле ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында ел дамуының стратегиялық бағыттары, экономикалық өсім, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды.

3 қараша күні Өтеген батыр ауылында ұйымдастырылған кездесуге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынға Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов модераторлық етіп, Президент Жолдауында айқындалған міндеттердің елдің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартудағы маңыздылығына тоқталды.

Аудан басшысы Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарды жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдардың күнделікті жұмысымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Әсіресе, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Жолдауда көтерілген негізгі бағыттарға кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау, цифрлық технологияларды енгізу, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар адами капиталды дамыту, білім беру сапасын жақсарту, жастарға қолдау көрсету және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайту бағытындағы міндеттерге ерекше мән берілді.

Жиында Президент бастамаларын жүзеге асыруда өңірлердің рөлі маңызды екені айтылды. Бұл ретте Іле ауданында өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, әлеуметтік нысандар салу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызы атап өтілді.

Кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Қатысушылар Жолдауда қамтылған бастамаларға қатысты пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері көтерілген сауалдарға жауап беріп, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөнінде түсініктеме берді.

Жиын қорытындысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді тиімді жүзеге асыру мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысына негізделетіні атап өтілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *