Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Сансызбайұлы мырза, Бас штаб бастығының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Нұрмаханбет Дүйсебаевтың және Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Жиынға аудан әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің басшылары қатысты.
Кеңесте күзгі әскерге шақыру науқанының барысы талқыланып, шақыру жұмыстарын белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыру, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және жауапты мекемелер арасындағы өзара үйлестіру мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті міндеттер қойылды.