4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +14°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы! Тау туризмі — жай ғана демалыс емес. Бұл Алматы экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер! Развитие регионов: новые социальные и инфраструктурные объекты, промышленные предприятия введены в эксплуатацию Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен идеологиялық кеңес отырысы өтті. Жиында өңірдегі идеологиялық жұмыстың басым бағыттары талқыланды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.
Жиында Ертай Алтаев өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, мәдениет және руханият бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін жауапты аудан-қала орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар жиында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылатын «Есірткісіз болашақ» нашақорлыққа қарсы форумына дайындық барысы және 10 күндік профилактикалық іс-шараларды өткізу жоспары қаралды.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласының 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атануына орай туристік әлеуетті арттыру, туроператорлармен байланысты нығайту және өңірге туристер тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.
Кеңес қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жүктелген міндеттердің орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтып, идеологиялық бағыттағы жұмыстарды жүйелі әрі сапалы жүргізуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *