ТҮРКІСТАНДА ОРМАН ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ордабасы, Отырар және Созақ ауданындағы Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемелерінің басшыларымен мәжіліс өткізіп, жұмысын саралады. Отырардағы мекеменің құрамында 4 орманшылық бар. Балтакөл, Байырқұм, Қаратау және Шәуілдір орманшылықтарының жер қоры 1 млн. 055 мың гектарды құрайды. Орманды алқап 686 мың гектар. Уақытша 30 гектарда жасақталған тұқымбақта 6 млн. түп сексеуіл…

Read More

ШАРДАРА: «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІ» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2025 жылға арналған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспар-кестесіне сәйкес, Шардара ауданы, Көксу ауылдық округі әкімдігі ғимаратында «Рухани құндылықтар – халықтың игілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қоғамда діни тұрақтылықты сақтау, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру болып табылады. Кездесуге Көксу ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Н. Мантубаев, бас маман…

Read More

Азық-түлік қымбаттамаса, арзандамайды

Базардағы азық-түліктің бағасы қымбаттамаса, арзандаған жоқ. Түркістандық тұрғындар осылай дейді. Күнделікті тұтынатын тауарлар төмен бағада сатылатын әлеуметтік дүкендер де халыққа қолжетімді емес. Өйткені, 200 мың халқы бар шаһарда бар-жоғы 13 қана сауда нүктесі бар. Түркістан қаласында 13 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Одан бөлек 5 сауда үйінде тұрғындар күнделікті тұтынатын тауар нарықтағыдан төмен бағада сатылып жатыр….

Read More

Ресей көліктерінің кесірінен 150 жол апаты болған

Түркістан облысында жыл басынан бері Ресей көліктерінің кесірінен 150 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 52 адам қаза тауып, 151 адам жарақаттанған. Өңірде жалпы ресейлік нөмір таққан, бірақ есепте жоқ 12 мыңнан астам машина жүр. Статистикаға жүгінсек, тіркеусіз автокөлік тізгіндегендер 55 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болып, 900 миллионнан астам айыппұл арқалаған. Сонымен қатар, түркістандық тәртіп…

Read More

Рамзан Қадыров : «Шешендермен соңғы нанын бөлісіп жеген қазақтар туралы жаман сөз айтуға өзіме де, өзгеге де жол бермеймін»

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтардан кешірім сұрап, telegram-арнасында видео жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап. Ол кейбір хайп қуған блогерлер сөзін бұрмалап, ортаға от салғанын айтты. “Ассалаумағалейкум, құрметті достар мен бауырлар! Менің айтпаған сөзімді айтты деп, айтқан сөзімді бұрмалап жібергендерге қатты ренжідім. Маған Қазақстан, қазақ халқы бөтен емес. Менің қазақилық деңгейім кейбіреулерге қарағанда жоғары. Әкем Қазақстанда…

Read More

Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып. Президентіміз Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізген болатын. Бұл туралы Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. “Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып…

Read More

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге алғыс білдірді. Жеделхатта Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің жан-жақты стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге және барлық бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті. 👉…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 34 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРЕДІ

Бүгінде Түркістан облысындағы 1 093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде, 33 884 оқушы 11-сыныпты бітіріп жатыр. Олардың 2 313-і «Алтын белгіге», 2 400-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ, 9-сыныпты 45 мыңға жуық оқушы бітіреді. Тестілеуге қатыспайтын бітірушілерді «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждерге оқуға тарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Биыл 11-сынып түлектері үшін мектеп…

Read More

Автонесиеге өтінім қабылдау қашан басталады?

“Өнеркәсіпті дамыту қоры” өкілі жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау тоқтатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Қордың баспасөз қызметі өкілі жеңілдетілген автонесиені қаржыландыру аясында қор екінші деңгейлі банктерге мына лимиттермен 100 миллиард теңге бөлгенін айтты: “Еуразиялық банк” АҚ – 35 миллиард теңге (1 транш – 15 миллиард теңге, 2 транш – 20 миллиард теңге), “Банк ЦентрКредит” АҚ…

Read More

Түркістанда тағы бір зауыт іске қосылды

Түркістанның іргесінде құрылыс материалдарын дайындайтын зауыт іске қосылды. Жаңа кәсіпорын темірбетон өнімдерін шығарады. Құрылысы қарқынды өңір үшін жаңа зауытта жаңа технология қолданылады. Нарықта өнімге деген сұраныс өте жоғары. Зауыттың жобалық құны 1 млрд. теңгеден асады. Оның тең жартысы инвестордың өз қаржысы есебінен, қалғаны жеңілдетілген несиемен жүзеге асқан. Жаңа жұмыс орнында 20-ға жуық азамат тұрақты жұмыспен…

Read More