5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 34 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРЕДІ

Бүгінде Түркістан облысындағы 1 093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде, 33 884 оқушы 11-сыныпты бітіріп жатыр. Олардың 2 313-і «Алтын белгіге», 2 400-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ, 9-сыныпты 45 мыңға жуық оқушы бітіреді. Тестілеуге қатыспайтын бітірушілерді «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждерге оқуға тарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Биыл 11-сынып түлектері үшін мектеп бітіру іс-шарасы 23 мамырда, яғни бүгін барлық мектептерде ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ, 1-11 сынып оқушылары үшін «Білімім — Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілуде. Бұл оқушылардың жыл бойы алған білімін қорытындылайды.
Қорытынды мемлекеттік емтихандар 9-сыныптар үшін 29 мамыр-10 маусым аралығында, ал 11-сыныптар үшін 30 мамыр-16 маусым аралығында өтеді. Ал, Ұлттық бірыңғай тестілеуге облыс бойынша 27 386 түлек қатысады. Тестке қатыспайтын 6 498 түлек колледждерге барады. Сонымен қатар, биыл оқыту тіліне қарамастан 5, 6, 7, 8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен CREF стандартына сәйкес, аралық емтихан тапсырады. Бұл оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *