5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Uncategorized

ШАРДАРА: «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІ» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2025 жылға арналған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспар-кестесіне сәйкес, Шардара ауданы, Көксу ауылдық округі әкімдігі ғимаратында «Рухани құндылықтар – халықтың игілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда діни тұрақтылықты сақтау, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру болып табылады.

Кездесуге Көксу ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Н. Мантубаев, бас маман Ы. Жақсылық, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Спикерлер тарапынан діннің адамгершілік, мейірімділік, сабырлық сияқты асыл қасиеттерді насихаттайтыны, сондай-ақ қоғамда бейбітшілік пен ынтымақты сақтау жолындағы маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірілді.

Жиын барысында қатысушыларға жалған діни ағымдардың алдын алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтау және діни мәселелерде ресми, сенімді ақпарат көздеріне жүгінудің қажеттілігі туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Осындай кездесулер – ауыл тұрғындарының діни сауатын арттырып қана қоймай, қоғамда рухани тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *