4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Cаясат

Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып.

Президентіміз Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізген болатын. Бұл туралы Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

“Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда”, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Сыртқы істер министрілігінің елшісі Әлімхан Есенгелдиев 14 тамызда Кабулда жұмыс жасап жүргенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Кабулда өте аз қызметкерлер қалған.

Еске сала кетейік, Ауғанстанда үкіметтік күштер мен «Талибан» қозғалысының содырлары арасында қақтығыс жүріп жатыр. Соңғы уақыт аралығында олар ірі қалаларға шабуыл жасап, айтарлықтай көп аумақты иеленген болатын. Эскалация жұмыстары Ауғанстан жерінен АҚШ пен олардың НАТО-дағы одақтастары әскерін шығарғаннан кейін басталды.

Айта кетейік, «Талибан» қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *