4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Cаясат

Рамзан Қадыров : «Шешендермен соңғы нанын бөлісіп жеген қазақтар туралы жаман сөз айтуға өзіме де, өзгеге де жол бермеймін»

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтардан кешірім сұрап, telegram-арнасында видео жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол кейбір хайп қуған блогерлер сөзін бұрмалап, ортаға от салғанын айтты.

“Ассалаумағалейкум, құрметті достар мен бауырлар! Менің айтпаған сөзімді айтты деп, айтқан сөзімді бұрмалап жібергендерге қатты ренжідім. Маған Қазақстан, қазақ халқы бөтен емес. Менің қазақилық деңгейім кейбіреулерге қарағанда жоғары. Әкем Қазақстанда дүниеге келген. Атам Қазақстанда жұмыс істеген. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен қазақ халқы туралы жаман сөз айтқан жоқпын. Айтылған сөздерім саясатқа қатысты”, – деді Рамзан Қадыров.

Сондай-ақ, осыған дейін қызу талқыға түскен видеодағы әңгіме халық туралы емес, саясат, ҰҚШҰ, мемлекеттің саяси ұстанымы туралы болғанын айтты.

“Мен қазақ халқын жақсы көремін. Біз бауырмыз. 1944 жылы шешендермен соңғы нанын бөлісіп жеген қазақтар туралы жаман сөз айтуға өзіме де, өзгеге де жол бермеймін”, – деді Шешенстан басшысы.

Қадыров видео соңында бауырлас болып қалуға шақырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *