ң КонстБілім, ғылым және инновация – елдің тұрақты дамуының негізі
Білімді ұрпақ қалыптастыру, ғылымды дамыту және жаңа технологияларды өндіріске енгізу — мемлекетіміздің тұрақты өркендеуінің маңызды бағыттары болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында білім, ғылым және инновация салаларын ілгерілетуге айрықша басымдық берілген. Бұл стратегиялық бағдар жастардың сапалы білім алуына, кәсіби дағдыларын шыңдауына және өз әлеуетін толық жүзеге асыруына кең жол ашады.
Қазіргі кезеңде цифрлық технологияларды еркін меңгеру, ауқымды ғылыми жобаларға қатысу және сапалы кәсіби білім алу — жас мамандардың жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басты факторлар. Өз кезегінде білімді әрі жоғары білікті мамандар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және ұлттық экономиканың нығаюына тікелей үлес қосады. Мемлекеттің жасап отырған оңтайлы жағдайларын пайдалана отырып, білімге ұмтылу, үздіксіз еңбек ету және жаңа мүмкіндіктерді игеру — әрбір жастың өз болашағына салған ең сенімді әрі маңызды инвестициясы болып табылады.— әрбір жастың өз болашағына салған ең сенімді әрі маңызды инвестициясы болып табылады.
Білім, ғылым және инновация – елдің тұрақты дамуының негізі