24 қазан 2026, сенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 451,05
  • EUR 504,95
  • CNY 67,62
  • RUB 5,60
Жедел
ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШТА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ Адам капиталын дамыту – еліміздің конституциялық міндеті. ️Қасым-Жомарт Тоқаев:   «Тағы бір маңызды міндет – білім беру саласын жан-жақты дамыту. Разработки казахстанских ученых-ядерщиков востребованы за рубежом АЭС ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ӘРБІРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ!
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШТА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

​Республика күніне орай Сарыағаш ауданында екі медициналық нысан пайдалануға берілді.  Атап айтқанда, Дархан ауылында фельдшерлік акушерлік пункт және Бостандық елді мекенінде дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.

Ең алдымен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Дархан ауылына барып, медициналық нысанның ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

– Баршаңызды бүгінгі фельдшерлік-акушерлік ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп келеді.  Биыл өңірімізде 25 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 4-еуі Сарыағаш ауданында іске асырылуда. Атап айтқанда, Бостандық, Ақжар, Дихан-Баба ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар, ал Дархан ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда. Бұл жұмыстардың мақсаты – әрбір тұрғынның сапалы медициналық қызмет алуына жағдай жасау. Бүгін Сарыағаш ауданында пайдалануға беріліп отырған фельдшерлік-акушерлік пункт – осы жүйелі жұмыстардың нақты жемісі, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.

Дархан ауылындағы медициналық нысанның құрылыс жұмыстарын «Mynbai» ЖШС жүргізді. Жобаның құны – 286 млн теңге. Жалпы ауданы 224 шаршы метрді құрайды. Аталған медициналық нысанда бір мезетте 15 тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік жасалған. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген фельдшерлік-акушерлік пункт Дархан ауылының 2 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетеді.

Бұдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Бостандық ауылына барып, дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты. Жаңа ғимараттың лентасын қиып, тұрғындарды құттықтады.

Жалпы ауданы 460 шаршы метрді құрайтын амбулатория бір мезетте 50 адамды қабылдайды. Құны 216 млн теңгені құрайтын медициналық нысан заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Енді Бостандық ауылдық округінің 9 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекті жаңа ғимаратта алатын болады.

Медициналық нысан электрокардиограф, қан қысымын өлшейтін құрал, медициналық таразы мен бой өлшегіш, оттегі концентраторы, науқастарды тексеруге арналған кушетка, медициналық тоңазытқыш, стерилизатор және алғашқы медициналық көмек көрсету жиынтығы секілді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ дәрігерлер мен мейіргерлердің жұмысына қажетті жағдай жасалған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *