Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты дамытуға, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға және жастарға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріп келеді.
Осы бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар іске асырылуда. Бүгін Республика күніне орай Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылында тұңғыш заманауи Спорт зал комплексі ашылды. Ауылдастардың қуанышымен бөлісуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары мен жастары қатысты.
Ертай Кенжебекұлы байырқұмдық ағайынды жаңа спорттық нысанның ашылуымен құттықтады.
– Баршаңызды халқымыздың ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осындай айтулы мереке қарсаңында Байырқұм ауылында тағы бір маңызды нысанның есігін ашып отырмыз. Баршаңызды спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын! Біздің басты мақсатымыз – спортты баршаға қолжетімді етіп, өңірдің спорттық әлеуетін арттыру.
ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ