14 қараша 2026, сенбі ☀️ Түркістан -1°C
  • USD 444,30
  • EUR 490,91
  • CNY 66,59
  • RUB 5,41
Жедел
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ ТҮРКІСТАНДА СТАЛКИНГ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 300 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУГЕ ҚАУҚАРЛЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ТОЛЫҚ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Облыс әкімі жылына 300 тонна балық өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты Облыс әкімінің Төлеби ауданына жұмыс сапары басталды ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ Президент: «Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға зиян тигізуді ойлап жүр»
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СТАЛКИНГ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан қаласында журналист, қоғам қайраткері Дана Нұржігіттің қатысуымен сталкинг мәселесіне арналған жиын өтті. Іс-шарада Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндама жасады. Кездесуге азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғаушылар, психологтар, журналистер, студенттер және белсенді азаматтар қатысты. Олар өз ойларын ортаға салып, сталкингтің алдын алу мен оған қарсы қоғамдық көзқарасты қалыптастыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Басқосу барысында сталкингтің адам қауіпсіздігіне, психологиялық жағдайына және күнделікті өміріне тигізетін кері әсері сөз болды. Сондай-ақ, мәселенің құқықтық реттелуі, жәбірленушілерді қорғау тетіктерін жетілдіру жолдары талқыланды. Жиында Дана Нұржігіттің «Көлеңке» кітабы да кеңінен сөз болды. Қатысушылар шығармада көтерілген өзекті мәселелер бойынша автордың өзіне сұрақ қойып, пікір алмасты. Кітаптағы ойлар мен ұсыныстар төңірегінде ашық диалог өрбіді. Айта кетейік, мұндай кездесулер қоғамда үнсіз қалып келе жатқан өзекті мәселелерді ашық талқылауға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *