9 қараша 2026, дүйсенбі 🌧️ Түркістан +14°C
  • USD 448,98
  • EUR 502,45
  • CNY 67,29
  • RUB 5,45
Жедел
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті 250 шақырымдық шаңғы жолы мен аустриялық аспалы жолдар: Ыстықкөлдегі курорт қандай болады? Горы на любой вкус. Казахстан и Кыргызстан формируют единый горнолыжный кластер Ыстықкөлдегі тау шаңғы курорты алғашқы қонақтарын биыл қыста қабылдайды “Таза Қазақстан” Түркістандағы бу-газ станциясы: Құрылысқа шетелдік мамандар тартылған Қашаған зауытында ТМД елдерінде баламасы жоқ жабық факел жүйесі қолданылады Президент: Спорт саласы әрдайым мемлекеттің басты назарында болады
Басты жаңалықтар

Президент: Спорт саласы әрдайым мемлекеттің басты назарында болады

«Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыру барлық саланың, соның ішінде спорт саласының дамуына айрықша серпін береді.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтты. — Бағдарлама аясында жаңа спорт нысандары мен инклюзивті орталықтар бой көтереді. Қазақстанда әрбір баланың спортпен айналысуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл — әлеуметтік мәні терең міндет қана емес, осы міндеттің саяси мағынасы әлдеқайда маңызды. Еліміздің шалғай ауылдарында болашақ чемпиондар, яғни, жеңімпаздар өсіп келе жатыр. Олардың бәріне бірдей жағдай жасалуға тиіс. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мақсаты да — осы, — деді Мемлекет басшысы. Президент спорт саласы әрдайым мемлекеттің басты назарында тұратынын айтты. — Былтыр «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға бірқатар маңызды түзету енгізілді. Мемлекеттік деңгейде басымдық берілетін спорт түрлері айқындалды. Соңғы бес жылда елімізде спорт саласын дамытуға 616 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жалпы, қазір осындай нақты шаралар өз нәтижесін беріп жатыр деуге болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, Ақордада Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *