9 қараша 2026, дүйсенбі 🌧️ Түркістан +14°C
  • USD 448,98
  • EUR 502,45
  • CNY 67,29
  • RUB 5,45
Жедел
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті 250 шақырымдық шаңғы жолы мен аустриялық аспалы жолдар: Ыстықкөлдегі курорт қандай болады? Горы на любой вкус. Казахстан и Кыргызстан формируют единый горнолыжный кластер Ыстықкөлдегі тау шаңғы курорты алғашқы қонақтарын биыл қыста қабылдайды “Таза Қазақстан” Түркістандағы бу-газ станциясы: Құрылысқа шетелдік мамандар тартылған Қашаған зауытында ТМД елдерінде баламасы жоқ жабық факел жүйесі қолданылады Президент: Спорт саласы әрдайым мемлекеттің басты назарында болады
Басты жаңалықтар

Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жүлдегерлерін марапаттады

​Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындары аяқталады.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында тамаша нәтиже көрсетіп, еліміздің мәртебесін асырғанын айтты. — Бұл — мемлекетіміз үшін шын мәнінде үлкен жетістік және зор мақтаныш! Баршаңызға жарқын жеңістеріңіз құтты болсын деймін! Сіздер құрлықтың ең мықты спортшылары қатысқан дүбірлі дода кезінде ел намысын қорғап, жүзден жүйрік шықтыңыздар! Ұлттық құраманың табанды еңбегінің арқасында Азиада төрінде рухты Әнұранымыз шырқалды, көк Туымыз биікте желбіреді. Мен әрбір жеңісті нағыз патриотизмнің айқын көрінісі деп санаймын. Тұтас халқымыз сіздерге қолдау көрсетті, жанкүйер болды. Әр спортшының ел қоржынына қосқан медалі азаматтарымызға, әсіресе, өсіп келе жатқан жас буынға үлкен шабыт береді, оларды мықты, күшті болуға үндейді және алға жетелейді. Бүгін осы мерейлі сәтте мен Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін, — деді Президент. Айта кетейік, Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындары аяқталады. Қазақстан құрамасы 84 медаль (12 алтын, 24 күміс және 48 қола) олжалап, 46 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады. Ал Азия Параойындарында Қазақстан 50 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енді.
​​

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *