5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка Большая стройка Большая стройка Налог на депозиты. Фейки продолжают распространяться несмотря на официальное опровержение Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған
Әлеумет

5000-ға жуық мүгедектік рәсімделген

      Биыл жыл басынан бері медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері облыс бойынша 23 145  мемлекеттік қызмет көрсеткен. Соның ішінде 4 737, яғни 20, 5 пайызы алғашқы рет мүгедектікті белгілеу, ал қалғаны – 18 408, яғни 79, 5% мүгедектікті қайта куәландыру және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу. Бұл туралы брифингте ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ресми өкілі Ернар Пернеқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыс бойынша ағымдағы жылдың кыркүйек айында мүгедектер саны 97 мыңнан асқан. Бұл жалпы облыс халқы санына шаққанда 4,7%. Мүгедектердің жалпы санының 15,2 пайызы – балалар, 84,8 пайызы – 18 жастан асқан ересектер.

          Ернар Пернеқұлов, ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ресми өкілі:

         «Ересектер арасында жиі кездесетін мүгедектік ауруларға келсек, қан айналымы жүйесінің бұзылулары (27,8%), жарақат алулар (13,3%), қатерлі ісік аурулары (14,2%). Ал 18 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездесетіндері дамудың туа біткен аномалиялары (33,8%), жүйке жүйесі аурулары (24,4%), психикалық және мінез-құлқының бұзылуы (9,8,3%)».

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *