6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
Гражданство и безвизовые поездки: что стоит за цифрами о казахстанском паспорте Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр Күршімде тұрғындардан экологиялық ұсыныстар жинау бастамасы қолға алынды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕ 6 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАДАҒЫ 10 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ
Баға

2023 жылдың 1 қаңтарынан мұнай газы биржа арқылы саудаланады

Елімізде бейінді мемлекеттік органдардың бақылауындағы тапшы тауарлар үшін бірыңғай тауар биржасы айқындалмақ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат  тілшісі.

«Бағалық ауытқуларға жол бермей, сұйытылған мұнай газының сауда-саттығын іске қосу бойынша іс-шаралар қабылдау тапсырылды. Мәселен, Президенттің тапсырмасына сәйкес сұйытылған мұнай газы биржасына көшу 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. Осы жылғы 20 шілдеде биржалық сауда-саттық кезінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін Биржалық сауданың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газын көлікке ілеспе жүк құжаттарды ресімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне енгізу, өткізу көлемі мен бағасын көрсете отырып, автогаз құю стансасының фискалдық чектерді шығаруы бойынша талаптарды қатаңдату сынды өзгерістер пысықталуда.

«Сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдардың бақылауындағы тапшы тауарлар үшін бірыңғай тауар биржасын айқындау мәселесі қарастырылуда. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар ашықтықты қамтамасыз етуге және сұйытылған газ саудасы кезіндегі операцияларды қадағалауға мүмкіндік береді», – деді Болат Ақшолақов

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *