6 қараша 2026, жұма ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр Күршімде тұрғындардан экологиялық ұсыныстар жинау бастамасы қолға алынды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕ 6 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАДАҒЫ 10 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ Масылдық пен негізсіз төлемдер: әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды
Басты жаңалықтар

Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр

Елордада медициналық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған екі ірі жоба іске асырылып жатыр. Қазір №2 қалалық көпбейінді аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық кешен мен №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жапсарлас ғимарат салу және оны реконструкциялау жұмысы аяқталуға жақын. Екінші жоба балаларға шұғыл травматологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобалар іске асқаннан кейін медициналық мекемелердің науқастарды қабылдау, диагностикалау және шұғыл көмек көрсету мүмкіндігі артады. Сонымен қатар емдеу процесін тиімді ұйымдастыруға қажетті қосымша жағдай жасалады.

№2 қалалық көпбейінді аурухана жанынан қабылдау-диагностикалық кешен салудағы басты мақсат – аурухананың екі корпусын науқастарды қабылдау, диагностикалау және шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесіне біріктіру.

Кешенде заманауи операциялық бөлмелер, реанимация бөлімі, қарқынды терапия палаталары және науқастарды шұғыл тексеру мен емдеуге арналған арнайы кабинеттер қарастырылған.

Медициналық мекемені жоғары технологиялы жабдықтармен қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, кешен компьютерлік және магниттік-резонанстық томографтармен, сондай-ақ қан тамырларын зерттеуге арналған ангиографпен жабдықталады.

Жобаның негізгі жаңалықтарының бірі – бірыңғай қабылдау бөлімін ашу. Онда науқастардың жағдайының ауырлығына қарай тиісті бөлімдерге жіберілуі ұйымдастырылады.

Мұндай тәсіл медицина қызметкерлерінің жұмысын тиімді үйлестіруге, науқастардың жағдайына қарай көмек көрсету кезегін анықтауға, сондай-ақ диагностикалық және емдеу бөлімдерінің өзара байланысын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жаңа кешен тәулігіне 900-ге тарта науқасты қабылдай алады.

Қазір нысандағы құрылыс жұмысы аяқталуға жақын.
Екінші маңызды жоба – Р. Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайында орналасқан №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жапсарлас ғимарат салу және қолданыстағы нысанды реконструкциялау.
Жоба аясында аурухананың ғимараты кеңейтіліп, балаларды қабылдауға, диагностикалауға және шұғыл көмек көрсетуге арналған қосымша бөлмелер ашылады.

Негізгі назар балаларға шұғыл травматологиялық көмек көрсететін бөлімдердің жұмысын жетілдіруге аударылған.
Қайта жаңғырту барысында науқастарды қабылдау және олардың жағдайы мен шағымдарының сипатына қарай сұрыптау үшін қосымша орындар қарастырылған.

Жаңа нысандар науқастарды дұрыс бағыттап, алғашқы медициналық тексеру мен диагноз қою жұмысын жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ балаларға, олардың ата-аналарына және медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалады.
Ересектерге арналған қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы мен балалар ауруханасының кеңеюі – Астанадағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмысының бір бөлігі.

Аталған жобалар ауруханалардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартып, шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкіндігін арттырады. Нәтижесінде елорда тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарта түсуге мүмкіндік туады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *