5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка Большая стройка Большая стройка Налог на депозиты. Фейки продолжают распространяться несмотря на официальное опровержение Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған
Басты жаңалықтар

«111+ шешім», 13 мың шақырым, экологиялық іс-шаралар және бизнеспен жаңа кездесулер: бұл күн несімен есте қалды?

Сайлауалды науқанның соңғы күндері партиялардың өңірлердегі белсенділігі артып, күн тәртібіне нақты ұсыныстар мен азаматтарды толғандырған мәселелер шығарылды. 17 тамызда саяси партиялар сарапшылармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және тұрғындармен кездесулер өткізіп, өз бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырды.

«Әділет» партиясы сарапшыларға азаматтардың өтініштері мен әлеуметтік зерттеулер негізінде әзірленген «111+ шешім» құжатын таныстырды. Сонымен қатар креативті индустрияларды дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне назар аударды.

«Байтақ» партиясы экологиялық бағыттағы жұмысын жалғастырып, табиғи аумақтарды қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және экотуризм мәселелерін көтерді. Өңірлердегі кездесулер барысында қоршаған орта, қалдықтарды қайта өңдеу және санитарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

«Ауыл» партиясы өндіріс пен логистиканы дамытуға басымдық берсе, «Ақ жол» кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қаржыландыру, несиелеу, ипотека және баспананың қолжетімділігі мәселелерін талқылады. Respublica отандық өндіріс, агроөнеркәсіп, цифрландыру және азық-түлік қауіпсіздігіне назар аударды.

Ал ҚХП еңбек құқықтары, жұмыспен қамту, әлеуметтік саясат және тұрғын үй мәселелерін көтерді. ЖСДП болса Бурабайда тұрғындармен кездесіп, сайлауалды науқан аясындағы қоғамдық іс-шарасын өткізді.

Осылайша, 17 тамыз партиялардың сайлауалды бағдарламаларын нақты мәселелермен толықтырып, өңірлердегі жұмысын күшейткен күн ретінде есте қалды. Сайлауға санаулы күн қалғанда саяси күштер өз ұсыныстарын таныстырып қана қоймай, тұрғындар мен бизнес өкілдерінің сұраныстарына назар аударуға басымдық беріп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *