6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысында замануаи индустриалды аймақ және Мақтаарал ауданындағы «Атамекен» кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында өндірістік жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жаңа бастаманы жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен қытайлық инвестор Чжоу Дань келіссөздер жүргізген болатын. Сол келіссөз нәтижесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен қытайлық инвестор арнайы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында «Түркістан» арнайы экономикалық аймағының индустриалды паркін салу жобасы жүзеге аспақ. Жоба ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, өндірісті, сатуды және қызмет көрсетуді біріктіретін заманауи интеллектуалды индустриялық кластер құруға бағытталған. Жобаны Орталық Азияда энергетикалық жабдықтар, энергия үнемдейтін жарықтандыру құрылғылары, құбырлар мен клапандар, тұрмыстық тауарлар және тағы басқа өнімдер өндіретін жетекші өндірістік база мен технологиялық инновация орталығына айналдыру көзделуде. Жоба 3 кезеңмен жүзеге аспақ. Инвесторлар өндіріс қуаттылығын кезең-кезеңмен іске қосу, нарықты кеңейту, отандық брендті дамыту жоспарда бар екенін жеткізді.
Сонымен қатар аймақта металлургия саласындағы терең өңдеу, тоқыма бұйымдарын өндіру және электрондық коммерцияға бағытталған логистикалық қойма, өндірістік зауыттар, кедендік қоймалар, кеңсе және тұрмыстық инфрақұрылым нысандарын салу жоспарлануда. Жоба арқылы Орталық Азия аумағында жоғары технологиялы өндіріс пен халықаралық сауда орталығын қалыптастырып, Түркістан облысының өнеркәсіптік дамуына және экономикалық өсіміне ықпал ету көзделуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *