5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕЦЕНАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

▪️Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде облыстық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қайырымды іс – жан азығы» акциясы аясында жылдың үздік меценаттарын марапаттау рәсімі өтті.
▪️Бұл шара қайырымдылық жұмыстарын жандандырып, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азаматтарды қоғамға кеңінен таныту, олардың ізгілікке бағытталған еңбегіне қоғамдық бағасын беруге бағытталған.
▪️Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл меценаттардың еңбегіне алғысын білдіріп, марапаттарды иелеріне табыс етті.
▪️Сондай-ақ жиын барысында облыстағы ауыл-аймақтың өркендеуіне үлес қосқан жомарт жандардың атқарған игі істері ерекше аталып өтті. Олар бірқатар елді мекенде жаңа үйлер тұрғызып, балабақша мен мектеп салуға бастамашы болды. Ауылдарда мешіттер бой көтеріп, халықтың рухани өміріне жаңа тыныс берді.
▪️Мұндай қамқорлық – меценаттардың туған жерге деген шынайы жанашырлығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Бұл азаматтардың «Адамдықтың басты белгісі – қайырымдылық пен мейірім» деген ұстанымдары әрбір азамат үшін үлкен өнеге.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *