Қазығұрт ауданында бекітілген жоспарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және рұқсатсыз қоқыс тастауға жол бермеу мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан мекемелерінің қызметкерлері, жастар және ауыл тұрғындары белсене қатысты.
Ауданның барлық ауыл округтерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Таңмен таласа шыққан мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары көшелер мен саябақтарды, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, қураған ағаштар мен қоршауларды ретке келтірді.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов сенбілік барысын бақылап, жауапты мекемелерге экологиялық іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды. Тазалық – әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін айтып, тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды.
Сенбілік жұмыстары аудан аумағында алдағы уақытта да жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————–
Related Posts
ТУРКЕСТАН: ТАМОЖЕННЫЙ ПОСТ «ЖИБЕК ЖОЛЫ», РЕКОНСТРУИРОВАННЫЙ В СОВРЕМЕННОМ СТИЛЕ, ВВЕДУТ В ЭКСПЛУАТАЦИЮ В ЭТОМ ГОДУ Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров…
«AMANAT» партиясы Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында биыл да нәтижелі істер атқарылуда. 5 жылға жоспарланған…
Түркістан облысына Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов бастаған делегация арнайы іссапармен келді. Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп…