6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров “Resource Іnvest” компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде әріптестік орнату, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
– Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Мақсатымыз – өндіріс орындарын көбейтіп, халықты жұмыспен қамту. Ұсыныстарыңыз зерделеніп, тиісті шешім қабылданады, – деді Нұралхан Көшеров.
“Resource Іnvest” компаниясының өкілдері Евгений Клюев пен Яшар Латыев, сонымен бірге, осы компанияда қызмет ететін италиялық кәсіпкер Вессио Раффаэле металл кластерін дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Жобаны Түлкібас ауданында жүзеге асыру көзделген. Металлургия зауытын ашу жобасын 2024-2032 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған. Жылына 403,2 тыс. тонна өнім шығару межеленген кәсіпорында 400 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.
Облыс әкімі жоба нақтыланған соң Жол картасын әзірлеу керек екенін айтты. Бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *