6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен келіп, су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысқан болатын.
Үкімет басшысына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде қолға алынған жобалар мен алдағы жоспарларды баяндады.
– Соңғы жылдардағы ауа райының құрғақ болуы мен су көлемінің азаюына байланысты ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Сондықтан біз су үнемдеу технологияларын енгізуге күш салудамыз. Су нысандарын реттеу, салу жұмыстары да бақылауда тұр, – деді Нұралхан Көшеров.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов
«Шардара» су қоймасын көрді. Сонымен бірге «Көксарай» су реттегіш нысанын да қадағалады. Жауаптыларға ағын сумен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды.
«Мемлекет басшысы көктемгі және еріген қар суын жинап, оны егістікке тиімді пайдалану үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Таяу уақытта “Бәйдібек ата” және “Боралдай” су қоймалары арқылы “Бөген” су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су берілгенінің арқасында Түркістан қаласы кепілді түрде сумен қамтамасыз етілетін болады. Трансшекаралық су көздерінен келетін су көлемі жылдан-жылға азайып келеді. Соған байланысты біз ішкі су қорларын барынша пайдалану үшін қосымша су қоймаларын салу жолдарын қарастыруымыз қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *