Түркістан облысына Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов бастаған делегация арнайы іссапармен келді.
Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өткен іссапардың мақсаты – Түркістан облысының ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерлерімен тәжірибе алмасу.
Осы орайда, Сырым ауданының іскерлік тобы Сайрам ауданындағы «Ет Агро Манкент» ЖШС, «Kaz Eco Meat» ЖШС ет комбинаттарымен және «Dala Fruit» ЖШС шырын шығару зауытын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Сапар барысында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовпен және жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.
Бұдан бөлек, Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» ЖШС сүт фермасын, «JNRay» ЖШС текстиль фабрикасын және «BORTE ENGINEERING» сүт өңдеу құрал-жабдықтарын шығаратын зауытты аралады.
Мұндағы мақсат – Сырым ауданының өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытып, өңірдегі арнайы экономикалық және индустриалды аймақтармен шағын өнеркәсіптік парктерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу.
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ат спортының ардагері, КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы, Түлкібас ауданының құрметті азаматы Әбілхан Дауылбаевтың 75 жылдық мерейтойына…
DATAmetrics компаниясы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін сипаттайтын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Бұл деректер азаматтардың өмір сапасына берген бағасын, отбасының материалдық жағдайындағы…
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ Жаңа Конституция – еліміздің демократиялық дамуының жаңа кезеңін айқындаған, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған…