6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА 60 ЧЕМПИОН ҚАТЫСТЫ

Бүгін Шардара су қоймасы аумағында «Таза әлем — баршаға ортақ іс» атты экологиялық плоггинг өтті. Іс-шараға Шардара армрестлинг клубының спортшылары — әлем, Азия және Қазақстан чемпиондары қатысты.
Экологиялық акцияның мақсаты – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, туған жерге сүйіспеншілік пен табиғатқа жанашырлық сезімін ояту. Сонымен қатар, бұл бастама жас ұрпақты еңбекқорлық пен салауатты өмір салтына ынталандыруға бағытталған.
Шараға қатысушылар Шардара су қоймасының жағалауын тұрмыстық және пластик қалдықтардан тазартып, табиғатты аялау жолында өз үлестерін қосты.
— Бүгінгі тазалық жұмыстарына еліміздің мақтанышына айналған армрестлинг чемпиондарының қатысуы – жастарға үлкен үлгі. Бұл шара тек тазалықпен шектелмей, қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Біз де жергілікті БАҚ ретінде осындай бастамаларды қолдап, белсенді қатысып келеміз, — деді “Өскен өңір” газетінің бас редакторы Сәбит Лаханов.
Плоггинг нәтижесінде 100-ге жуық адам қатысып, екі тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *