5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +13°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында кезекті кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық акциясының негізгі мақсаты – аудан аумағының санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Сенбілік барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, елді мекендердің ішкі көшелерінде, саябақтар мен қоғамдық орындарда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Жол жиектеріне, арық-атыздарға және қоғамдық орындарға бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтар жиналып, арамшөптер шабылды, ағаштардың қураған бұтақтары кесіліп, айналаны абаттандыру жұмыстары атқарылды. Тазалық іс-шарасы таңғы сағат 08:00-де басталып, оған Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, қала және 13 ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің өкілдері, коммуналдық сала қызметкерлері, жастар белсене қатысты. Сенбілік барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты сала басшыларына санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруды, қоғамдық орындардың тазалығын тұрақты бақылауда ұстауды, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстардың үздіксіз жүргізілуі қажеттігін атап өтті. Тазалық – мәдениеттің айнасы, өркениетті қоғамның белгісі. Сондықтан барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, қоғамдық орындарды ластамауға және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз.

#Таза_Қазақстан

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *