5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +13°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры А. Заппаровтың төрағалығымен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен еріктілердің қатысуымен кеңейтілген кездесу өтті. Кездесу «Интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу профилактикасы: өзекті мәселелер және оларды болдырмау бойынша бірлескен жұмыстар» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында интернет алаяқтық қылмыстарының бүгінгі ахуалы, азаматтарды алаяқтардың арбауына түсуден қорғау жолдары, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және жастардың профилактикалық жұмыстарға белсенді қатысуының маңыздылығы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, бірлескен профилактикалық іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру, еріктілердің қатысуымен халық көп шоғырланатын орындарда түсіндіру акцияларын өткізу, сондай-ақ әлеуметтік желілерде алдын алу бағытындағы ақпараттық контентті көбейту жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. Кездесу қорытындысында интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті мен жастар ұйымдары арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Аталған кездесуге өңірдегі 30-дан астам Жастар ресурстық орталықтарының басшылары, жастар ұйымдарының жетекшілері мен еріктілер қатысып, алдағы уақытта халықтың киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және интернет алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі #Заңментәртіп

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *