22 қазан 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +15°C
  • USD 448,61
  • EUR 503,83
  • CNY 67,20
  • RUB 5,48
Жедел
Жаңа Конституция — жаңа дәуірдің бастауы Түркістан облысынан 17 000-нан астам ауыл оқушысы «IQanat» олимпиадасының I турына қатысуда В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ КОСТЕЙ СКОТА СТОИМОСТЬЮ 9 МЛРД ТЕНГЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 9 МЛРД ТЕҢГЕЛІК МАЛ СҮЙЕГІН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ ЖИ даму қарқыны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті «Технологиялық сауаттылықты қажет ететін жаңа дәуірде тұрмыз» Қазақстандық стартаптар әлемдік нарыққа шыға ала ма? Өткенге құрмет — келешекке жол: Ата Заң және Түркістанның тарихи мұрасы
Басты жаңалықтар

Түркістан облысынан 17 000-нан астам ауыл оқушысы «IQanat» олимпиадасының I турына қатысуда

2026 жылғы 17-30 қазан аралығында өңірімізде «IQanat» республикалық олимпиадасының
I туры өтуде. Оған Түркістан облысының ауыл мектептерінен 17 000-нан астам оқушы қатысады. «IQanat» олимпиадасының алғашқы туры ауыл балалары үшін жобаның білім беру бағдарламаларына қатысуға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.
Бұл кезеңде оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығы, логикалық ойлау қабілеті мен қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын кешенді тестілеу жүргізілді. Сонымен қатар бірінші тур аясында оқушыларға білім алуға, өз қабілеттерін дамытуға және алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандыратын мотивациялық кездесулер ұйымдастырылды. Дәл осы кезеңнің нәтижесі бойынша олимпиаданың екінші турына өтетін оқушылар анықталды.
Екінші кезеңде қатысушыларды тереңдетілген пәндік тестілеу күтіп тұр. Оның қорытындысы бойынша 1 000 финалист іріктеледі. Финалистердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында тегін білім алуға, ал екінші бөлігі үш жылдық тегін постолимпиадалық сүйемелдеу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.
Бағдарлама аясында оқушылар ҰБТ мен халықаралық емтихандарға қарқынды дайындалып, ағылшын тілін, soft skills, кәсіпкерлік және басқа да бағыттарды меңгереді. Сонымен қатар балаларға тұрақты мотивациялық қолдау көрсетіліп, жетістіктері бақыланып отырады.
Биыл «IQanat» олимпиадасы еліміз бойынша ауыл мектептерінде оқитын 67 000-нан астам оқушыны қамтиды. Жүйелі академиялық қолдаудың арқасында IQanat бағдарламаларына қатысушылардың 94%-ы жыл сайын Қазақстанның және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарына грантқа түседі.
Бүгінде жоба түлектері әлемнің 20 елінде білім алып жатыр. IQanat – Қазақстандағы ауыл балаларының білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған әлеуметтік-білім беру жобасы. Жобаны 260-тан астам қазақстандық кәсіпкер қолдайды. IQanat бұл Олимпиаданы ұйымдастыру арқылы дарынды ауыл балаларының сапалы білім алуы жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюды көздейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *