17 қазан 2026, сенбі ⛅ Түркістан +7°C
  • USD 452,12
  • EUR 508,95
  • CNY 67,62
  • RUB 5,41
Жедел
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек кездесетін жануарларды сақтау мен көбейту жолындағы күш-жігеріне тоқталды Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор құру туралы бастамасына тоқталып, шетелдік серіктестерді аталған іске үн қосуға шақырды Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі Президент: «Акция «Таза Қазақстан» становится общенациональной идеологией» Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді Жасанды интеллект Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын жаңғыртуға көмектесті «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Таңғы сағат 09:00-де басталған сенбілікке аудан әкімі Арман Абдуллаев, қала және 13 ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен бөлім қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында жол бойлары мен елді мекендердің ішкі көшелері тазартылып, бейберекет тасталған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар шөптер шабылып, қураған ағаштардың бұтақтары кесілді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев тазалық сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырды.
Аталған шараның негізгі мақсаты – ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау.
#ТазаҚазақстан

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *