6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШТА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ЖЕҢІМПАЗЫНА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Түркістан облысындағы елді мекендер арасында өткен «Үлгілі ауыл» байқауында ІІ орынды иеленген Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде салынған жаңа ашық спорт және балалар ойын алаңшасы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанмен құттықтады. Ауыл тұрғындары алғыстарын білдіріп, балалар жаңа ойын алаңшасында алғашқы ойындарын өткізіп үлгерді.
– -Тәуелсіз Отанымыздың тұғырлы, ғұмырлы болуы – жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын! Жастайынан денесі шымыр болып өскен баланың денсаулығы да мықты болады. Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын! Бұл тек бір нысан емес, бұл – ауылдың болашағына салынған инвестиция. Балаларымыздың дені сау, ал ауылымыз көркейе берсін, – деді Арман Абдуллаев құттықтау сөзінде.
Жаңа спорт инфрақұрылымы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастар мен балаларға, салауатты өмір салтын ұстануға және белсенді демалысты ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді. Алаңшаларда заманауи жабдықтар орнатылған, қауіпсіздік талаптарына толықтай сай келеді. Жоба облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қаржыландырылған.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық науқаны аясында 2024 жылы Түркістан облысында облыс әкімінің қолдауымен «Үлгілі ауыл» байқауы өткізілген болатын. Байқау қорытындысы бойынша үздік танылған ауылдарға облыстық бюджет есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, жергілікті тұрғындарға пайдалануға берілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *