5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

Сайлау учаскелерінен тыс жерде қалай дауыс беруге болады?

Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес, дауыс беру күні денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептерге байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар үйде дауыс беру мүмкіндігін пайдалана алады.

Мұндай мүмкіндік азаматтардың конституциялық сайлау құқығын толық қамтамасыз етуге бағытталған.

Үйде дауыс беру үшін не істеу керек?

Дауыс беруші немесе оның атынан сенім білдірілген адам дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына өтініш беруі қажет.

Өтініш:

  • жазбаша;
  • ауызша (телефон арқылы);
  • немесе өзге де қолжетімді тәсілмен берілуі мүмкін.

Үйде дауыс беру қалай ұйымдастырылады?

Өтініш қабылданғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясының кемінде екі мүшесі сайлаушының тұрған жеріне арнайы жылжымалы дауыс беру жәшігімен келеді. Олар бюллетеньді береді және дауыс беру рәсімінің заң талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз етеді.

Дауыс беру құпиясы толық сақталады. Сайлаушы бюллетеньді ешкімнің араласуынсыз өзі толтырады.

Кімдер бұл мүмкіндікті пайдалана алады?

Үйде дауыс беру құқығы:

  • денсаулық жағдайына байланысты қозғала алмайтын азаматтарға;
  • қарт адамдарға;
  • уақытша еңбекке жарамсыз азаматтарға;
  • өзге де объективті себептермен сайлау учаскесіне келе алмайтын сайлаушыларға беріледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *