Полиция департаменті: Жалған QR көбейді

Сақ болыңыз! Алаяқтар жалған QR орнатып, тұрғындарды алдауы мүмкін. Полиция департаменті осылай деп үндеу жасады.

Алаяқтар түпнұсқаның үстіне жалған QR-ды жапсырады. Ескеретін жайт: QR код арқылы өтіп, еш уақытта жеке деректерді енгізбеңіз. Егер енгізуді сұраса, бұл алаяқтардың ісі екеніне күмән жоқ.

Ал жалған QR-ды сканерлеп қойған жағдайда, банктен бірден қосымша арқылы картаны бұғаттауды сұраңыз. Өйткені көп жағдайда жалған QR арқылы төлем бірден емес, бірнеше минуттан кейін өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *