​Полицейлер есірткіге қарсы күрес бағытында 200-ге жуық тұрғын үйді аралады

Полицейлер есірткіге қарсы күрес бағытында 200-ге жуық тұрғын үйді аралады
Түркістан облысының полицейлері есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Осы бағытта Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері республикалық «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізуде.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары 200-ге жуық тұрғын үйді аралап, жеке тұрғын үйлер, саяжайлар мен жылыжайларда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру деректерінің алдын алу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар полицейлер тұрғындармен кездесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Азаматтарға жеке деректерін, банк картасының мәліметтері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі түсіндірілді. #ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *