Ертең Қайрат Сатыбалдының соты басталады

Ертең Астана қаласында Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы агенттік тілшісіне Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Ресми мәлімет бойынша, іс қалалық сотқа бүгін келіп түскен. Ал сот отырысы ертең сағат 15-де, онлайн режимде басталады. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға…

Read More

2023 жылдың 1 қаңтарынан мұнай газы биржа арқылы саудаланады

Елімізде бейінді мемлекеттік органдардың бақылауындағы тапшы тауарлар үшін бірыңғай тауар биржасы айқындалмақ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат  тілшісі. «Бағалық ауытқуларға жол бермей, сұйытылған мұнай газының сауда-саттығын іске қосу бойынша іс-шаралар қабылдау тапсырылды. Мәселен, Президенттің тапсырмасына сәйкес сұйытылған мұнай газы биржасына көшу 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. Осы жылғы…

Read More

Тихановский 18 жылға сотталды

Беларусьте оппозициялық белсенділерге қатысты сот үкімі шықты. Белсенділер 14-тен 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, танымал блогер, оппозиционер Сергей Тихановский алдағы 18 жылды темір тордың арғы жағында өткізеді. Оларға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, іріткі салды деген айып тағылған еді. Бірақ, көпшілік бұның «Саяси үкім» екеніне күмәнданбайды. Естеріңізге сала кетсек, Сергей Тихановский Президент сайлауында үміткер болып тіркелгендігі…

Read More

Тіл мамандары Түркістан төрінде сайысқа түсті

Түркістанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен тілдерді оқыту орталықтары оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауы өтуде. Байқауға еліміздің 16 өңірінен тілдерді оқыту орталықтарының қазақ тілі оқытушылары қатысып, өзара бақ сынасып жатыр деп хабарлайды Түркістан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі. Ұйымдастырушылардың айтуынша байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп,…

Read More

Екі мың шақырымнан астам жол жөнделді

Биыл Түркістан облысында жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын 683 жол жөнделді. Оның 79 -ы жергілікті, 52-сі облыстық, 27-сі аудандық маңызы бар жолдар болса, 604-і елдімекен көшелері. Осылайша 2021 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79%-дан 87%-ға артпақ.Ал 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда….

Read More

Жарылыстан аман қалған өрт сөндіруші:«Ол жерден кетуден басқа амал болмады»

  Жамбыл облысындағы жарылыстан аман қалған өрт сөндіруші Байбек Сембеков “Студия 7” тілшілеріне сұхбат берді. -«Оқиға орнына келгенде дереу сол жердегі әскерилердің жанына барып, қоймада не бар екенін сұрадым. Олар аса күшті жарылғыштың жоқ екендігін айтты. Біз дереу жұмысқа кірістік. Мен алдымен су көзін іздей бастадым. Ол жақ, өкінішке орай, сусыз аймақ еді. Біздің көліктерде…

Read More

Белгісіз қару қолданылды

Мариупольде Ресей әуе күштері белгісіз қару қолданды. Қаланың өндірістік аудандарында бекінген «Азов» батальоны мен аумақтық қорғаныс күштеріне қарсы сепаратистік Донецк Халық Республикасы басшыларының бірі Эдуард Басурин химиялық қару қолдану керек деген еді. Енді зауыттардың біріне 100 киллограмдық снаряд тасталған екен. Қуанышқа орай, одан зардап шеккендер жоқ. Бірақ, Украина билігі бұл снарядтың улағыш зат екенін айтып,…

Read More

САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН АВТОКӨЛІК ЖАБДЫҚТАРЫН ТІГЕТІН ЦЕХ АШҚАН

Сайрамдық жеке кәсіпкер Ділшат Давранов көлік жабдықтарын шығаратын шағын цех ашқан. Онда қазір автоорындық қаптағыштар, панель жабындылары мен көлік еденіне төсеніштер дайындалып жатыр. Цехта 10 адам еңбек етеді. Кәсіпкер мемлекеттік грант арқылы қажетті станоктарды сатып алған. Сонымен қатар, шикізатты әзірге Қытайдан жеткізеді, бірақ алдағы уақытта өздерінде шығаруды жоспарлап отыр. Ол үшін керекті станоктарды да сатып…

Read More

Түркістандық қолөнершілер жасаған бұйымдарын туристерге сата алмай отыр

Түркістандық қолөнершілер жасаған бұйымдарын туристерге сата алмай отыр, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі. Түркістанның қолөнер шеберлері үшін арнайы ғимараттың жоқтығы үлкен мәселе болып отыр. Бұрынғы Қолөнершілер орталығы Түркістан қаласы облыс орталығы болған сәтте ғимарат тапшылығынан өзге мекемелерге берілген. Содан бері шеберлер өз үйінің бір бұрышынан цех соғып, сонда жұмыс істеп жатыр. Қаланың әр қиырында отырғандықтан…

Read More

Ауылымызды шыбын шіркей қаптады

Ауылымыз шыбын-шіркейге толып зәрезап болдық. Түркістан облысындағы Сарыкөл ауылының тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Халық күндіз көп жағдайда көшеге шықпауға тырысатын көрінеді. Ал шаруалар тіпті егістікке де шыға алмай қалған. Сарыкөл ауылының тұрғындары мынадай бетперде киіп жүруге мәжбүр. Себебі мұндағы шыбын-шіркей сізді қалыпты жүргізбейді. Бір өкініштісі биыл ауылды залалсыздандыруға қаржы бөлінбеген. Қазір шіркей шағып, емхана…

Read More