4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Мәдениет

Түркістандық қолөнершілер жасаған бұйымдарын туристерге сата алмай отыр

Түркістандық қолөнершілер жасаған бұйымдарын туристерге сата алмай отыр, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі. Түркістанның қолөнер шеберлері үшін арнайы ғимараттың жоқтығы үлкен мәселе болып отыр. Бұрынғы Қолөнершілер орталығы Түркістан қаласы облыс орталығы болған сәтте ғимарат тапшылығынан өзге мекемелерге берілген. Содан бері шеберлер өз үйінің бір бұрышынан цех соғып, сонда жұмыс істеп жатыр. Қаланың әр қиырында отырғандықтан тұтынушылардың да сұранысы төмендеп кеткен. «Бізде бұрын кесене аумағында қолөнершілер орталығы болатын. Сонда заттарымызды жасап, тіпті сатуға да жағдай бар еді. Бұл жерге туристер көп келетіндіктен сұраныс та жоғары. Ал осындан екі-үш жыл алдын ғимараттың тапшылығынан орталықты бізден алып қойды. Содан бері шеберлердің кәсібінен береке кетті», – дейді қолөнерші Мереке Айдарша. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кәсіпкерлермен кездесуінде көтерілді. Мәселені байыппен тыңдаған облыс басшысы қолөнерге қатысты арнайы бағдарлама әзірленетіндігін айтты. Сондай-ақ рухани-мәдени орталықтан қолөнершілер орталығын салу жөнінде мәселені қарайтынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *