4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Тихановский 18 жылға сотталды

Беларусьте оппозициялық белсенділерге қатысты сот үкімі шықты. Белсенділер 14-тен 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, танымал блогер, оппозиционер Сергей Тихановский алдағы 18 жылды темір тордың арғы жағында өткізеді. Оларға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, іріткі салды деген айып тағылған еді. Бірақ, көпшілік бұның «Саяси үкім» екеніне күмәнданбайды.

Естеріңізге сала кетсек, Сергей Тихановский Президент сайлауында үміткер болып тіркелгендігі үшін 2020-ы жылдың мамыр айында қамауға алынған еді. Нәтижесінде, Беларусьтің түкпір-түкпірінде халық наразылық акцияларына шықты. Ал, оппозиционердің жұбайы Светлана Тихановская да Президент сайлауына қатысқанымен, Александр Лукашенко жеңіске жетті. Алайда, Беларусь халқы да, халықаралық қауымдастық та, бұл сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы айтуда.

Светлана Тихановская, Беларусь оппозициясының көшбасшысы:

«Жыл бас бостандығынан айыру – өте ауыр үкім. Бірақ, мен болашаққа үмітпен қараймын. Біз менің жұбайым ғана емес, барлық саяси тұтқындарды босатамыз. Сергей де болашаққа үмітпен қарайды. Ол маған жазған хатында: «Мен түрмеде беларусь халқы қалағанша отырамын», – деді. Яғни, барлығы өз қолымызда. Қазір бастысы режимге қысым жасауымыз керек».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *