Қар сілкуге бөлінген қаржы
Шымкентте ағаштардың қарын сілку үшін 600 млн теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу сайтынан тараған бұл ақпарат желіде жұрттың талқысына түскен еді. Алайда бұл жаңалықты қала әкімінің орынбасары бүгін жоққа шығарып отыр. Ерғали Білісбековтің айтуынша, қаражат тек қар сілкуге емес, оларды күтіп баптауға, соны атқаратын жұмысшылардың еңбекақысына, көлік пен арнайы техниканың жанар-жағармайы мен өзге де шығындарға…