4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Түркістан облысы бойынша референдумдық штаб төрағасы есеп берді

27 жылда 2-ші рет өткізілейін деп жатқан саяси науқанға санаулы күндер қалды. Түркістан облысында Референдумды насихаттау мақсатында арнайы штаб құрылып , барлығы 58 адам үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.  

Маңызды оқиғаға байланысты әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Оған 2000-ға жуық респондент қатысып, 80 пайызы референдумға қатысуға ниет білдірген. Бүгінде 1600-ге жуық түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып, 300 мыңға жуық тұрғын қамтылып отыр.

Қайрат Балабиев, Түркістан облысы мәслихатының хатшысы:

  • Қоғамдық штаб 4 топқа бөлініп облыс тұрғындарымен кездесулер өткізілуде. Одан бөлек Аманат партиясының облыс бойынша 18 жергілікті штабы жұмыс істейді. Облыста бүгінгі күнге  1600 түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып, 300 мыңнан астам тұрғын қамтылды.

Ал «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы 1 айда  1200-ге жуық  кездесу өткізген. Түркістан облысының 80 пайызы ауыл аймақ болғандықтан әр ауданға кураторлар бекітіп, үгіт-насихат кездесу іс-сапарларын жүргізуде.

Бейсен Тәжібаев, “AMANAT” партиясы түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы:

  • Қазір осы 475 партия штаб мүшелерінің 49-ы облыстық штабтық мүшесі болып табылады. Біз мынау әр ауданға бірнеше кураторлар бекіттік, 49 азаматтың 17 аудан қала болса, әр ауданға кемінде 2-ден кураторларымыз бар. Сол куратор штаб мүшесі тұрақты түрде ауданмен байланыс жасай отырып. Жоспарланған іс-шараны аудандық филиал тарапынан барып қатысуға өткізуге толық  бастамашыл болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *