4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Түркістанның “жасыл белдеуі” алғашқы өнім берді

 

Облыс басшысының бастамасымен осыдан екі жыл бұрын құрылған «Жасыл белдеу» өз жемісін беруде. Былтыр қара күзде 400 гектар жерге қара өрік ағашын отырғызған «Dala-fruit.kz» ЖШС басшылығы облыс әкімінің кеңесімен ағаштар арасына бақша өнімдерін де еккен. 150 га жерге 80% қауын, 20% қарбыз еккен кәсіпкер 3 млн.келі өнім алатынына сенімді. Түркістанның «Жасыл белдеуінде» алғаш рет өсірілген қауын-қарбыз қазірдің өзінде 1 га. жерден 40-50 тонна өнім берген. Еш химикатсыз табиғи жолмен піскен алғашқы өнімнің 50 тоннасы қайырымдылық мақсатында өңірдегі мүгедектер үйі, ардагерлер үйі мен балалар үйіне жеткізілмек. 5 мың тоннаға жуық қарбыз бен қауын Нұр-Сұлтан мен Мәскеуге экспортталады.
Осы және басқа да жобаларды іске асыру Түркістан өңірінің су ресурстарын бөлудің жаңа саясатының арқасында жүзеге асуда. Осыған дейін судың топыраққа сіңуінен (сүзгілер), канал арқылы 80 миллион м3-ден астам су шығындалып келген. Бетондау жұмыстарынан кейін су үнемделіп, жасыл желек пен диқандарға ағын су жететін болды. Сонымен қатар, Қаратау тау массиві суларының әлеуеті пайдаланылуда. Түркістан қаласын суару маусымының соңына дейін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін платина салынды. Бұрын арық-атыздарда ысырап болған жер асты сулары да сауатты пайдаланыла бастады. Қосымша ұңғымалар бұрғыланды, су басқан Кентау шахталарындағы суды пайдалану жобасы әзірленуде. Жоба жүзеге асқанда жылына қосымша 40 млн.м3 су береді және кеншілер шаһарындағы жер асты суын пайдалануға мүмкіндік туады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *