ШАРДАРА: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шомылу маусымы қарсаңында Шардара ауданында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді түсіндіру және алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімінің қаулысына сәйкес құрылып, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің үйлестіруімен іске асырылуда. Атап айтқанда, Шардара су қоймасы жағалауындағы демалыс орындарының кәсіпкерлеріне, демалушылар мен балық аулаушыларға судағы қауіпсіздік талаптары жөнінде үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде….

Read More

Түркістанда спорт саласындағы жемқорлық фактілері көбейген

Түркістан облысында алғашқы алты айда  сыбайлас жемқорлыққа қатысты 51 қылмыс тіркелді. Оны жемқорлықпен күрес агенттігі анықтаған. Бұл былтырмен салыстырғанда 3 есе көп дейді мамандар. Бармақ басты көз қысты әрекетке барған мекемелер қатарында полиция,  білім беру, денсаулық салалары бар. Мәселен, спортта 47 аға жаттықтырушы істі болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері…

Read More

«Жыл үздіктері» марапатталды

Спорттағы үздіктер анықталды. Түркістанда Республикалық және халықаралық деңгейде түрлі сайыстарда топ жарып, жүлде иеленген спортшылар марапатталды. Одан бөлек, олардың бапкерлерінің де еңбегі еленді. Сонымен қатар, алғыс хаттарымен, олимпиадалық резервтегі спортшыларды дайындайтын мектептер және аудандардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері марапатталды. Бастысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері және Әлем чемпионатының жеңімпазы Сәкен Бибосынов өңірдің үздік спортшысы атанды….

Read More

Алексей Цой күздегі эпидахуалдың жаңа болжамын атады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Министрлік қараша айына дейінгі эпидемиологиялық болжамды жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында 6 300 жағдайға, қазан айында 2400 жағдай жетеді. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 400 жағдайға, қазанда 1 800 жағдайға жетеді. Оптимистік сценарий жағдайында қыркүйекте…

Read More

АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас және Төлеби, Бәйдібек аудандарының әкімдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері Сауран ауданына арнайы іссапармен барып, өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тәжірибелерімен танысты. Сондай-ақ, индустриялық жобалардың жүзеге асу барысын бақылап, өзара тәжірибе алмасты. Аралау…

Read More

Ұлттық киноны қолдау орталығы Назарбаев туралы фильм түсіруге Елбасы қорының тапсырыс бергенін растады

Нұрсұлтан Назарбаев жайлы деректі фильм түсіру туралы тапсырысты “Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы қоры” берген. Мемлекеттік киноны қолдау орталығы Назарбаев туралы фильм түсіру жобасына қатысқанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұған дейін америкалық режиссер, продюсер Оливер Стоун түсірген фильмге 7 млн доллар қаржы төленгені жайлы жазылған еді. Қазір ұлттық киноны қолдау орталығы “Оливер Стоуннің…

Read More

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ РЕЙД ӨТТІ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс әкімінің 03.02.2025ж. №26 хаттамасының 1.2-тармағына және бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, Сауран ауданының прокуратурасы, Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, облыстық полиция департаменті қызметкерлері «Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында» бірлескен рейдтік іс-шара жүргізді.Аталған іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен қамтамасыз етілген арнайы…

Read More

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Астана қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы аясында Түркістан облысы мен қытайлық компаниялар арасында жалпы 5 ірі жобаны жүзеге асыру бойынша меморандум жасалды. Сонымен қатар Түркістан облысы мен Қытайдың Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық келісімі орнады. Екі күнге жалғасқан маңызды басқосуға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қытай…

Read More

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құрбан шалатын орындар аталды

Алматыда өткен брифингте қаланың бас имамы Төлеби Оспан 2022 жылы Құрбан айт 9-11 шілде аралығында өтетінін айтты. Қала әкімдігі құрбандыққа шалынатын малды союға және сатуға рұқсат етілген 13 орынды бекітті. Бұл орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әкімдік қызметкерлері, ветеринарлық қызмет полициясының кезекшілігі ұйымдастырылады. Брифингке қатысқан Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматы…

Read More

Мемлекет басшысының бастамаларын орындауға дереу кірісу қажет – Асқар Мамин

ҚР Президенті Жолдауындағы барлық бағытты іске асыру Жалпыұлттық жоспары дайындалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. “Мемлекет басшысы өңірлік саясатты жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Еліміздің әрбір өңірінде инфрақұрылымды жаңғыртуға, әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру үшін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты жобалар…

Read More