4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН
Спорт

«Тұран» ел чемпионатын тағы да жеңді

Футболдан Olimpbet-Қазақстан кубогының 4 тур ойындары өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы «Түркістан Аренада» Алматының «Қайрат» футболшыларын 4:3 есебімен жеңді.

Түркістандықтар кубоктық бәсекенің өткен турында да Алматыда ел чемпионын 1:0 есебімен жеңген болатын. Түркістандағы тартысты кездесудің бірінші кезеңінде алматылықтар 3:0 есебімен жеңіп тұрған. Бірақ «Тұран» командасының ойыншылары бапкерлердің қойған тактикасын дұрыс орындап, 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды. Команда құрамында Мардан Төлебек алғашқы голдың авторы атанса, Дінмұхамед Омаров екінші голды еншісіне жазды. Ал, команданың нигериялық шабуылшысы Стэнли Нкоби екі голдың авторы атанып, аса тартысты өткен кездесуде әріптестеріне жеңіс сыйлады.

Енді 8-ші тамыз күні тұрандықтар Olimpbet-Қазақстан кубогы үшін өтетін кезекті турда өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасына қарсы ойнайтын болады. Жалпы команданың топтан шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін ақтаулықтарды жеңу керек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *