4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлем

Журналистер жаппай жұмыссыз қалды

Талибан билікке келгелі бұқаралық ақпарат құралдарының 40 пайызы жабылып қалған. Оның жартысы Талибан билікке келгелі қаржыландыру болмағандықтан, жұмысы тоқтаса, екінші жартысы лаңкестік ұйым тарапынан қысымға ұшыраған.

«Шекарасыз репортерлер» халықаралық ұйымының мәліметінше, Ауған журналистерінің 60 пайызы жұмыссыз қалды. Бұл қиындықтың зардабын,әсіресе, әйелдерге қатты тиюде. Ер журналистердің 52 пайызы жұмыссыз қалса, әйелдердің арасында бұл көрсеткіш 80 пайыздан асып жығылған. Тілшілерді қазір ақпараттың жоқтығы, талибан тарапынан енгізілген цензура – осының барлығы қиындықтың тек бер жағы. Тіршілік көзін саудадан іздеп кеткен тілшілер қатары күн санап көбейіп жатса керек.

Масрур Лутфи, ауған ұлттық журналистер ассоциациясының директоры:

«Елдің 20 жыл бойы жеткен жетістіктері жоқ болды. Ол медиа-кеңістікке де қатысты. Жұмыс істеуге мүмкіндік мүлдем жоқ. Медиа-ұйымдардың жағдайы күннен-күнге ушығып барады. 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі журналистер елден қашуға мәжбүр болды. Медиа-нарық әлсіреді. Оның үстіне сөз бостандығының шектелуін қосыңыздар».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *