4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Cаясат

Мемлекет басшысының бастамаларын орындауға дереу кірісу қажет – Асқар Мамин

ҚР Президенті Жолдауындағы барлық бағытты іске асыру Жалпыұлттық жоспары дайындалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

“Мемлекет басшысы өңірлік саясатты жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Еліміздің әрбір өңірінде инфрақұрылымды жаңғыртуға, әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру үшін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты жобалар іске асырылатын болады. Әр мемлекеттік орган, әрбір жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларын орындауға дереу кірісуі қажет», – деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының Жолдауындағы барлық бағыттарды іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар дайындалатын болады. «Мемлекеттік органдарға Жалпыұлттық жоспар бойынша өз ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне 3 қыркүйекке дейін енгізуді тапсырамын. Ұлттық экономика министрлігі Жалпыұлттық жоспар жобасын 4 қыркүйекке дейін Премьер-Министрдің кеңсесіне енгізсін. Келесі отырыста біз оны қарап, Мемлекет басшысының бекітуіне енгізу үшін мақұлдауымыз қажет», – деді Премьер-Министр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *