Шардара қаласында жаңа бокс залы ашылды
Бүгін Шардара қаласының Төменгі Тоғай шағын ауданында жасөспірімдерге арналған «ARLAN BOXING CLUB» бокс залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған спорт нысаны жергілікті жаттықтырушылар — Бексұлтан Усерханов пен Ералы Өсерхановтың жеке қаражаты есебінен салынып, пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, жиналған көпшілікті маңызды оқиғамен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы бұқаралық спортты дамыту…