5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Шардара қаласында жаңа бокс залы ашылды

Бүгін Шардара қаласының Төменгі Тоғай шағын ауданында жасөспірімдерге арналған «ARLAN BOXING CLUB» бокс залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған спорт нысаны жергілікті жаттықтырушылар — Бексұлтан Усерханов пен Ералы Өсерхановтың жеке қаражаты есебінен салынып, пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, жиналған көпшілікті маңызды оқиғамен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы бұқаралық спортты дамыту мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулуда мұндай бастамалардың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ол жас спортшыларға спорттық құрал-жабдықтар тарту етіп, оларға жарқын болашақ пен биік жеңістер тіледі.

Жаттықтырушы Бексұлтан Усерханов ауданның әлеуметтік және спорттық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен және Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.

Іс-шарада Мелдеби шағын ауданының биі, Шардара ауданының Құрметті азаматы Таңсықбай Сахов та сөз алып, игі бастаманы жоғары бағалап, аудан әкімдігімен бірге жаңа спорт нысанының лентасын қиды.

Бокс — әлемдегі ең танымал және қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Бұл бағытта Шардара ауданында да айтарлықтай жетістіктер бар. Аудандық №2 спорт мектебінің жаттықтырушысы Ералы Өсерхановтың шәкірттері түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Атап айтқанда, Нұғман Қалдар — Қазақстанның үздік боксшыларының қатарында, Диас Керімбай — Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанса, Бердияр Таңсықбай, Данияр Сметулла және Айсұлтан Жоламан Түркістан облыстық чемпионатының жүлдегерлері ретінде танымал.

Жаңа бокс залының ашылуы өскелең ұрпақтың спортпен жүйелі түрде шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануына және болашақ чемпиондардың қалыптасуына зор мүмкіндік бермек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *